Коронавирусқа қарсы екпе салдырған азаматтардың электронды куәлігі болады
Коронавирусқа қарсы екпе салдырған азаматтардың электронды куәлігі болады. Куәлікті қағаз немесе электронды түрде алуды ақтөбеліктер өздері таңдай алады. Ақпан айынан бері екпе салдырған медицина қызметкерлері мен полицейлер мұндай куәліктерді ұялы телефондарындағы арнайы қосымша арқылы иемденген. Үш тілде берілетін электронды куәлік шетелге шыққанда міндетті түрде керек болады. Электронды куәлік азаматқа екінші мәрте екпе салдырғаннан соң беріледі. Ескерте кету қажет, куәлікті алу үшін ұялы телефон нөмірі азаматтың өз атына тіркелген болуы шарт. Бұл талаптар орындалған болса, электронды куәлікті "Егов" қосымшасы арқылы кез келген уақытта ашып қарай бересіз. Үш тілде жазылған мәліметпен қоса, қай уақыттарда "ПТР-тест" тапсырғаныңыз туралы ақпарат жазылған.
Бүгінгі күнге дейін қанша ақтөбеліктің электронды куәлік алғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ. Дегенмен ақпан айынан бері 6727 облыс тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Осы айда елімізге коронавирусқа қарсы 2 млн дозаға жуық екпе жеткізілмек. Оның 6300 бірлігі біздің өңірге беріледі. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент секілді ірі қалаларда халық көп шоғырланатын орындарда егу бекеттері ашылады. Егу бекеттері арнайы термо-контейнерлермен, вакцина сақтауға арналған тоңазтқышпен қамтамасыз етіледі. Мұндай пункттер Ақтөбеде пайда бола ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз.
Количество показов: 705
Дата создания: 06.04.2021 19:44:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>