Контейнер маңына қалдықтар тастағандардың ісімен енді полиция айналысады
Тұрғындар ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс төгетін алаңға түнгі мезгілде тасиды. Қалада бірде бір қоқыс алаңында бейнекамера орнатылмаған. Сондықтан рұқсат етілмеген қоқысты тастаған адамды анықтау мүмкін емес. Енді контейнер сыртына қоқыс төтегіндерді біреулер фотоға немесе камераға түсіріп алса, олардың ісімен полиция айналысатын болды. Бір рет ұсталған адамға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ауладағы қоқыс алаңында контейнер сыртында жиҺаз, басқа да көлемді қатты тұрмыстық қалдықтар жататын болса, 109 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.
Количество показов: 636
Дата создания: 22.06.2021 18:17:17