Кондуктор жолаушыны соққыға жықты
Жолаушыға қол жұмсаған кондуктор және №8- бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі жұмысынан қуылуы мүмкін. "Троллейбус паркі" ЖШС-і мәселені тәртіптік кеңесте қарауға уәде етті. Ал оқиға кеше таңғы тоғыздарда орын алған. Таяқ жеген қыз бала құқық қорғау органына да арызданып қойды. Іс енді сотта қаралады. Жолаушының көзқарасын ұнатпаған №8-ші бағыттағы автобустың кондукторы оған қол жұмсады. Оқиға кеше таңғы тоғыздарда орын алған. Ақтоты Әуе қалашығы аялдамасынан күнделікті қатынап жүрген №8-бағыттағы қоғамдық көлікке отырады. Мінгеннен автобустың кондукторымен сөзге келіп, артынша кондутор қызметін атқарып тұрған жігіт қызға жұдырық ала жүгіреді. Белгілі болғандай, жас жігіт Ақтотыға ұзақ уақыттан бері тіс қайрап жүрген болып шықты. №8-бағыттағы қоғамдық көліктер "Троллейбус паркіне" қарасты. Зардап шегуші бүгін мекемеге арыздана келді. Басшылық шара қолдануға уәде етті. Одан бөлек кеше Ақтоты арызын Зауыт полиция бөліміне де тапсырған. Жол полициясы көмегімен тез табылған автобустың жүргізушісі мен кондукторынан жауап та алынған. Бойжеткеннің қолында соттан шақырту қағаз бар. Бұл оқиға қалада адам тасумен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларына сабақ болса игі. Себебі мұндай келеңсіздікке тап болған жалғыз Ақтоты емес. |
Количество показов: 2034
Дата создания: 18.07.2013 19:08:17