Композитор Ахмет Жұбановтың туған күніне орай ұйымдастырылған челленджге әлем елдері үн қосты
Композитор Ахмет Жұбановтың туындылары әлем музыканттары сүйіп орындайтын шығармалар қатарына жатады. "Көктем", "Ария", "Тәжік биі", "Би күйі" шығармалары бірнеше тілге аударылып, орындалып жүр. Тіпті жылда ұйымдастырылатын, Ақтөбенің брендіне айналған "Жұбановтар әуені" халықаралық байқауына қатысушы мемлекеттер саны артқан.
Әлем музыканттары бірінен соң бірі іліп әкеткен челленджге Башқұртстан мемлекетінің халық әртісі Рамиль Гайзуллин мен Ресей халық әртісі Александр Цыганковтар атсалысқан. "Қарлығаш ұя салған үй бақытты" деген қазақ халқының жақсы сөзі бар. Әрқашанда бір-бірімізге көгершіндей тілекші, қарлығаштай қамқор болайық, дейді шара ұйымдастырушылары. Әлем халықтарын бір-бірімен жалғаған челлендж қазақ музыкасын әлемге танытқан әйгілі академиктің ғажап күйлерін орындаумен жалғаспақ.
Количество показов: 944
Дата создания: 29.04.2020 20:34:28