Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бөлінетін бюджет қаражатының миллиард теңгесі үнемделмек. Бұл үшін қала бюджетінен бөлінген 200 миллион теңгеге арнайы жоба іске қосылды. Қоқыстарды жинау, шығару, дизенфекция және қар тазалау жұмыстары енді қоғамдық бақылауда болады. Ол үшін коммуналдық шаруашылықтың негізгі салалары цифрландырылды. 12 мердігерлік ұйым бірыңғай диспетчерлік орталыққа топтастырылған. 3 дезинфекциялық және қала көшелерін тазалау бойынша 22 жұмыс түрі сандық форматқа ауыстырылды. Бұл туралы бүгін "Антикор" орталығында өткен брифингте айтылды.Қалада коммуналдық шаруашылық қызметтерімен айналысатын мердігерлердің әр қызметі жіті бақылауда болады. Ал цифрландырылған жоба - бюджет қаражатын жымқыруға жол бермейді.
Шаһар басшысының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жыл сайын 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан былай мердігерлердің нақты орындаған жұмысын қашықтан бақылап, тіпті сапасын да тексеруге болады. Атаулы бағдарлама аясында күніне 1400 тапсырма орындалады.Цифрландырылған жобаны жүзеге асыру үшін мердігерлерге арнайы смартфондар таратылған. Енді күніге қанша адам, техника жұмысқа шыққаны, тапсырмалардың орындалу барысы да көзден таса болмайды. Өтірік есепке жол берілмей, мердігерлердің сапалы қызметіне ғана ақша төленеді. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлініп, 500 смартфон сатып алынған.
Количество показов: 769
Дата создания: 22.07.2020 18:35:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>