Коммуналдық мекемелер су тасқынына дайын ба?
Соңғы жылдары Алтын Орда ауданында қар суынан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалғаны белгілі. Көктемде көк су талай тұрғын үйдің жертөлесін басып қалды. Бірақ биыл мұндай болмайды. Аудандағы суағарлар толық қар мен мұздан ,- дейді қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.Наурыз айының екінші онкүндігі күн салқындағанымен, айдың соңында ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл кезде су тасқыны қаупі жоғарылайды. Сондықтан қауіптің алдын алу шаралары басталып кетті,- дейді мамандар.Қала бойынша жылдағыдай Мәскеу, Шанхай мен Құрмыш аудандары қауіпті аумақ болып саналады. Мұндағы жер үйлерді су басып қалмас үшін қаладан 300 мың текше метр қар шығарылған. 35 арнайы техника жұмылдырылып, арнайы топ күндіз түні жұмыс істеуде. Жақында қалада су тасқынына қарсы арнайы штаб өз жұмысын бастайды.
Количество показов: 295
Дата создания: 04.03.2024 23:51:02