"КМК Мұнай" компаниясы жұмысшыларының жалақысын 20 пайызға көтеруге келісіп отыр
пайызға көтерілетінін құптамай отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Саламат Аманбаев мәлімдеді. Қазір
компанияда арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Темір ауданы Көкжиде кенішінде осыдан төрт күн бұрын наразылыққа шыққан "КМК Мұнай" компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы басшылықтан
жалақыны 100 пайызға көбейтуді талап еткен. Олар талап орындалмаған жағдайда өндірісті тоқтататындарын мәлімдеген. Мұнайшылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Вахталық әдіспен
еңбек ететін мұнайшылар 67 мың теңге айлық алады. Ереуіл жасаған олар басшылықтан 100 пайыз жалақы көтеруді сұрап отыр. Бірақ компания басшылығы бұл талаппен келіспей отыр. "КМК Мұнай" компаниясы мен
жұмысшылары арасындағы келіспеушілікке байланысты облыстық комиссия құрылды. Комиссия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов төрағалық етеді. Құрамында Темір ауданы әкімдігі мен облыстық,
аудандық прокуратура өкілдері бар. "Талаптарымыз толық орындалмайынша жұмысқа шықпаймыз!" деген мұнайшылар жалақыны өсірумен қоса компания басшылығына тағы бірнеше мәселе бойынша талап қойған. Жатақхананы
кеңейту мен басшылық тарапынан қысым көрсету болмауын сұраған. Әйткенмен облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы "КМК-Мұнай" компаниясы мен жұмысшылары арасындағы келіссөздер әлі де өзара жалғасатынын
жеткізді. Әзірге қандай нақты шешім болатыны белгісіз. Себебі еңбек шарты компания мен жұмысшылар арасында ғана жасалады. Тексеру комиссиясы мен құзырлы орган тарапынан тек мәселенің оңтайлы,
бітімгершілікпен жасалуы қадағаланатын болады. Айта кетелік, 200-ге жуық жұмысшы еңбек ететін компанияның 25-ші қаңтардан бері жұмысы тоқтап тұр.
Количество показов: 743
Дата создания: 29.01.2021 22:28:17