Ақтөбеде гүл қымбаттады
Гүл сататын дүкеннің кеңесшісі Александр жас айырмашылығына байланысты қыз-келіншектерге қандай гүл сыйлау керектігін жақсы біледі. Жас келіншектер мен қыздар гүлдестенің әсем безендіріліп, оралғанын аса ұната бермейді. Тіпті жай ғана ортасынан бір буып берген раушан гүлдер де ұнауы мүмкін. Бұл дүкенге келген ер азаматтар алдымен кеңесшімен ақылдасады. Ораушылар да гүлдің түстерін үйлестіріп береді. Мереке қарсаңында баға біршама қымбат. Ұзындығы 1 метр , көбіне бір талдап ұсынылатын раушан гүлі 1800 теңге, қызғалдақтың да бағасы өскен, 700 теңге. Гүлдестелерге арналған раушан гүлінің бір талы 800 теңгеден сатылып жатыр.Количество показов: 133
Дата создания: 07.03.2025 12:18:33