Ақтөбеде “Рамазанның сыйы” марафоны өтуде
Қасиетті Рамазан айында қайырымды жандар жақсылық жасап жарысуда. Бүгін Нұр-ғасыр мешітінде жамағат атынан жүз азық-түлік қорабы таратылды. Қайырымдылық қораптарын көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылар алды. Олардың қатарында 25 көше сыпырушысы да бар. Бүгін еңбек иелері көппен бірге азық-түлік алды. Қорапқа күнделікті тұтынатын азық-түліктер жинақталған. Әр қорапта 10 келі ұн, күріш, қарақұмық, шекер, сұйық май мен басқа да тағам түрлері бар. Қайырымдылық шара жалғасады. Рамазан айының соңына дейін облыс бойынша 1000 отбасы азық-түлікпен қамтылады, деп отыр бас имам. Сонымен қатар басқа да рухани іс-шаралар ұйымдастырылмақ.Количество показов: 151
Дата создания: 07.03.2025 12:16:22