Хромтауда жасөспірім қызды зорлағандар іздестірілуде
Ақтөбе полициясы биыл наурыз айында жасөспірім қызды зорлап, қашып құтылған күдіктілерді іздестіріп жатыр. Зорлаушылар - төрт жігіт. Біреуі - 23 жастағы бозбала жедел-іздестіру шарасы кезінде Қызылорда стансасында ұсталған. Қазір ол қамауда отыр. Оқиға Хромтау ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Наурыздың 27-сінде аудандық ішкі істер бөліміне 33-жастағы тұрғын арызданады. Айтуынша, белгісіз төрт жігіт оның 14-жастағы қызын зорлап кеткен. Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Ерболат Сарқұлов оқушы қыз ол жігіттермен "майл агент" арқылы танысқандығын айтады. Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы, 3-ші бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қашып жүрген төрт жігіттің біреуін Қызылорда стансасында ұстады. 23-жастағы бозбала қазір қамауда отыр. Оның үш сыбайласы іздестірілуде. Бәрі де Хромтау қаласының тұрғындары. Қылмыстық Кодексте қыз зорлағаны үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. |
Количество показов: 2346
Дата создания: 02.05.2013 17:58:41