Хром рудасын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді
Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикадан тыс жерлерге хром рудасын сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Топты хромтау қаласының тұрғыны басқарған. Олар ұзақ уақыт бойы "Қазхром" компаниясының аумағынан хром рудасын ұрлаумен айналысқан. Қылмыстық топ кезекті рет Ресейге тауар жөнелтпек болғанда қолға түсті. 74 тонна хром тиелген 4 "Камаз" көлігі 14 шілде күні Ақтөбе-Орск тас жолының бойында ұсталды. Аса ірі көлемдегі ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бір мүшесі қамауда. |
Количество показов: 1857
Дата создания: 16.07.2013 17:54:22