Халықтар бірлігі мерекесінде ақтөбеліктер саябақтарда қыдырды
Қазақстан халқының бірлігі күні сағат 11-ден бастап "Ретро" демалыс саябағында да тойланды. Облыстық халық шығармашылығы үйі әртістерінің мерекелік бағдарламасына қаланың ескі бөлігінің тұрғындары көп жиналды. Әдемі әуен мен әсерлі жыр-терме халықтың көңілінен шықты. Демалыс саябағында ата-аналарымен бірге концерт тамашалап, ойнауға келген мына секілді балғындардың қарасы көп болды. Олар бүгін қандай мереке екенінен де хабардар. Әрі саябақтағы мейрамды тамашалағандарына дән риза. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінде "Ретро" демалыс саябағында "Ынтымақ- достық кепілі" атты облыстық халық шығармашылығы үйінің концерті болды. Тамашалауға келген қала тұрғындарына әртістер қазақ халқының ән мен жырын, термесін орындаса, "Назерке" бишілер тобы мың бұрала билеп берді. Осындай пікірдегі ақтөбеліктер еліміздің татулығына, халықтар достығына сенеді. Айтуларынша, тәуелсіздіктің ең басты тірегі- ынтымақта жатыр. Саябақта қыдырған тұрғындарға түстен кейін қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы "Қазақстан- достықтың берік тұғыры" атты мерекелік бағдарламасын ұсынды. |
Количество показов: 2223
Дата создания: 01.05.2013 15:43:33