Қазақстандықтардың саны қаншаға жетті, тұрғындардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігі қандай, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қандай істер қолға алынуы керек? Бұл ақпараттың барлығы биыл елде жүргізілетін ұлттық халық санағы кезінде белгілі болмақ. Қазан айында өтетін науқанға 8 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалмақ. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Журналистер сауалына Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов жауап берді. Бұл тәуелсіздік алғалы бері мемлекетімізде өткелі тұрған үшінші науқан. Биылғы санақтың ерекшелігі екі түрде жүргізілуінде. Адамдар өз бетінше онлайн тіркеуден өте алады немесе дәстүрлі үйіне келген интервьюердің сауалдарына жауап беру арқылы санаққа енеді. Ал интервьюерді облыстық статистика департаментінің қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күнімен қолданылу мерзімі көрсетілген куәлігі, халық санағының символикасы бар көк түсті мойын шалғы және портфельден тануға болады. Халық арасында жүргізілетін сауалнамада 84 сұрақ бар. Оның 65-і негізгі, 19-ы қосымша сұрақ. Онлайн режимде де бір адам отбасының бірнеше мүшесін тіркей алады. Ақпараттық қауіпсіздік толығымен қамтамасыз етіледі, дейді статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов. Халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады. Маусым айында интервьюерлер тұрғын үйлер, тұрғын емес үй-жайлар, құрылыстардың, ондағы тұратын адамдардың нақты санын анықтау мақсатында әр елді мекенді аралап шығады. Елді мекендер аумағы нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлінеді. Ал негіз санақтың өзі қазан айында жүргізіледі. Ел бойынша 32,5 мың адамды жұмыста тарту жоспарланған. Біздің облыста халық санағын жүргізуге шамамен 1400 адам тартылады. Жалданатын азаматтардың жасы 18 жастан асуы керек. Ешкім тегін жұмыс істемейді. Дайындық кезеңінде жұмыс істегендерге 75 мың 743 теңгеден төленеді. Ал негізгі санақ айына атсалысқандар 94 мың 678 теңге жалақы алады.
Биылғы науқанға республикалық бюджеттен 8,2 миллиард теңге жаратылады. 2009-шы жылы өткен санаққа 6,5 миллиард жұмсалған болатын. Осы жылы интервьюерлер планшеттермен қамтамасыз етіледі. 27 мың планшет сатып алынған. Санақ біткеннен кейін олар мектептерге қолданысқа өтеді. Біздің облыстың халқының саны 1-қаңтардағы мәлімет бойынша 881 мың адам. 500 мыңнан астамы қалада шоғырланған.
Количество показов: 1019
Дата создания: 20.02.2020 18:26:01
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>