Халық сақтық шараларынан жалтарса, локдаун енгізіледі
"Пессимистік сценарий кезінде, егер маска режимінің тек 60 пайызы қамтамасыз етілсе, ағымдағы жылдың қазан-желтоқсанында вирус жұқтырғандар саны 190 мың адамға жуықтайды. 65 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет болады. Локдаун енгізу желтоқсан айының ортасына болжанып отыр", - деді министр Алексей Цой індеттің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте. Ал екінші, реалистік сценарий бойынша әлеуметтік арақашықтық және бетперде тағу режимі 70 пайызға қамтамасыз етілсе, осы жылдың қазан-желтоқсанында 90 мыңға тарта адам індетке шалдығады деген болжам бар. Бұл жағдайда локдаун қаңтар айында енгізіледі, дейді министр. Ал, ақтөбелік тұрғындар маска тағып, антисептик қолдануды бүгінде әдетке айналдырғандарын айтады. Сондықтан, екінші толқын бола қалса, сақадай сай отырмыз, дейді. Денсаулық сақтау министрі арақашықтық сақталып, азаматтардың 100 пайызы маска кисе, қатаң карантин жариялаудың қажеті болмайтынын атап өтті. Әдетте, қатаң карантин ауруханаларда төсек-орын қорының 70 пайызы толған жағдайда енгізіледі.
Количество показов: 759
Дата создания: 08.10.2020 18:20:16