"Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында салынып жатқан құрылыстар тексерілді
Мынау 11-шы мөлтек ауданындағы балаларға арналған "Олимп" спорт алаңы. Көлемі 20 шаршы метр. 2023 жылы балаларға арнап футбол алаңы салынған болатын. Биыл жүгіретін жол, жаяу жүргіншілерге жолақ, теннис столдары мен тұрғындар демалатын беседкалар салынып, жан-жағын абаттандырып жатыр.Халық та қаламыздың келбетін өзгертуге өз үлесін қоса алады. Бүгінгі шараның мақсаты да осы. Қоғам белсенділерімен шаһарымызда жүргізіліп жатқан нысандардың құрылысын тексеру. жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Ақтөбеде құрылыс саласы қарқын алуда. Былтыр қала тұрғындарынан 88 жобаға ұсыныс түскен. Оның жартысы биыл жүзеге асырылмақ.Айта кетер болсақ, 44 жобаның 29 ы балаларға арналған ойын алаңы, 18 і спорт алаңы, 22 сі балғын футболистерге анап салынбақ. Сондай-ақ, 3-баскетбол алаңы, 2 жаяу жүргінші жолы, 31- көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылған. 2024 жылы бекітілген 39 жоба бойынша жауапты мердігер мекемелер жұмысын жасап жатыр. Мердігер 1 жылдық кепілдік береді. Қосымша 5 жобаға тағы конкурс жарияланды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 1млрд 318 000 мың теңге бөлініп отыр. Қазір тұрғындар белсенді. Ұсыныстары мен шағымдарын жиі айтып, бөлісіп отырады, дейді халық қалаулылары.
Количество показов: 350
Дата создания: 13.08.2024 05:42:15