Халық қалаулылары жылыту маусымына дайындық талабын бекітті
Жылыту маусымына дайындық барысында жауапты мекемелер қандай талаптарға сүйенуі керек? Бүгін облыстық мәслихаттың өңірлік салалық дамуы жөніндегі кеңесі отырысында осы мәселе жан - жақты талқыланды. Бұл тақырыпқа қатысты коммуналдық мекемелердің, пәтер иелері кооперативі, кондоминиум өкілдерінің сауалдары көп. Алайда кеңес барысында бұл тақырыпқа қатысты тағы бір ауқымды жиын өткізу жоспарда.
Облыс әкімдігі тарапынан ұсынылған құжат жылу маусымына әзірлік барысында жергілікті атқарушы органдар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және отын- энергетика кешені өкілдерінің міндетін айқындап берді. Қыс қамын ойластыруда жауапкершілік тек жауапты мекемеде емес, тұтынушылардың да, жол үстінде күрделі жөндеу жасайтын мердігер компаниялардың да қатысы бар бұл іске. Сондықтан бұл кезеңде жоспарлы жұмыстарын жүзеге асырмас бұрын кез - келген мекеме заңды құжатпен жақын танысуы керек. Бүгін осы тақырыпта энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мамырғали Аққағазов баяндама жасады.
Бұрынғыдай пәтер иелері кооперативі өкілдері жылу маусымына дайындық паспорттарын әзірлемейді. Оның орнына заңды хаттама рәсімделіп, атқарушы органдарға тапсырылады. Сондай - ақ бұл құжатта жылумен қамту бағытындағы жұмыстардың барлығы қыркүйектің біріне дейін аяқталсын делінген. Ал облысымыздың жылу маусымына сақадай сай екендігін бағалау, нақты шешім шығару қалалық және аудандық комиссия құзырында.
Жылу маусымына дайындық талабы төңірегіндегі жаңа құжатты бүгін халық қалаулылары бекітті. Бұл тақырыпқа қатысты коммуналдық мекемелердің, пәтер иелері кооперативі, кондоминиум өкілдерінің сауалдары көп. Алайда Ккеңес барысында бұл тақырыпқа қатысты тағы бір ауқымды жиын өткізу жоспарланды.
|
Количество показов: 2353
Дата создания: 04.07.2013 18:46:27