ХҚКО қызметін үйден пайдалану қариялар мен көп балалы отбасыларға қолжетімді
Бүгін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен көші-қон полициясы қызметкерлері екінші топтағы мүгедек Виктор Крапивконың төлқұжатын үйіне әкеліп табыстады. Қария бірегей 1414 байланыс орталығына хабарласып, өтініш қалдырған. Көп ұзамай көші-қон полициясы қызметкерлері келіп, қарияның үйінен мерзімі өткен төлқұжатын ауыстыруға арызын қабылдаған. Міне бүгін қария құжатын қолына алып отыр. Атап өтейік, бұрын соңды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1-ші, 2-ші топтағы мүгедек азаматтар ғана үйіне шақыра алатын. Енді бұл қызмет көп балалы отбасылар мен 65 жастан асқан зейнеткерлерге де қол жетімді. Ал, азаматтар үйінде отырып жеке бастарын куәландыратын құжат алу үшін немесе мерзімі өткен төлқұжатын ауыстыру үшін көші-қон полциясының қызметіне жүгінеді. Атап өтейік, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1,2,3-ші топтағы мүгедек азаматтар жеке басты куәландыратын құжаттарды мерзімі өткенде тегін ауыстыра алады. Құжат 30 күнде дайын болады.
Количество показов: 694
Дата создания: 08.09.2020 19:54:29