Х халықаралық "ITFA-2013. Туризм.Саяхат.Спорт" көрмесі өтіп жатыр
Отандық туризм - әлі де қауқарсыз. Олқылықтың орнын толтыру, әрі ішкі туризмді дамыту үшін қаламызда биыл оныншы мәрте туристік көрме өткізіліп жатыр. ITFA туризм, саяхат және спорт халықаралық туристік көрмесінің ұйымдастырылып отырғанына биыл - оныншы жыл. Отандық туроператорлар мен жергілікті қолөнер шеберлерін қолдауға арналған шараға өзге өңірлердің қызығушылығы бәсеңсіген. Мүмкін, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының шараны биыл соңғы рет өткізуінің бір себебі де-осы болар. Ақтөбенің туристерді тартуға әлеуеті зор, географиялық жағдайы, аумағында орналасқан бірнеше табиғи ескерткіштері көптің қызығушылығын тудырады. Байғанин ауданындағы бор таулары, Қарғалыдағы табиғи геосаябақ, Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Орал тауының сілемдерін тамашалағысы келетіндер баршылық екен. Шетелдіктерден гөрі, әзірге өзімізбен шектеліп отырмыз. Ал облыс орталығынан 450 шақырымда жатқан Ырғыз ауданы "Ырғыз-Торғай табиғи резерватының әсемдігі мен жануарлар дүниесі Ұлыбританиядан келген қонақтардың өзін таң қалдырған. Қорғалатын аумақта тіршілік ететін 250 түрлі құстың 32-сі "Қызыл кітапқа" енгізілген. Өзен-көлде жүзіп жүрген ақбас үйректі көрген ағылшындар, құстың бұл түрінің жер бетінде сақталып қалғандығына таң қалысқан. Ырғыз аудандық экология және туризм бөлімінің маманы Гүлнұр Әмірова аталған аумаққа қызығушылық үлкен болғанымен, көпшілік ауданның қашықтығын қиынсынады дейді. Резерватта ақылы турлар ұйымдастыру қазір тиісті орындармен келісіліп жатыр. Өткен жылы облыс аумағына келу 10 мыңға жуық адамды құраса, ішкі туризммен 50-70 мыңнан астам адам туристік маршруттармен облыс аумағын аралаған. Облыста екі туроператор ішкі маршруттарды ұйымдастырумен айналысады. Өңірді ішкі ғана емес алдағы уақытта халықаралық туризм алаңына айналдыру- басты мақсаттардың бірі. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен жиын кезінде айтылды. Атқарушы билік "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін осы ретте басты сегмент ретінде қарастырып отыр. Ол үшін жол бойындағы кемпингті дамыту мәселесі талқыланды. |
Количество показов: 2090
Дата создания: 31.05.2013 19:20:59