Кеше қалада тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, газға уланған бір әйел мен ер адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жыл басталғалы бес күннің ішінде облыста оннан аса өрт оқиғасы тіркелген. Өрт болған үйдің қақпасы бүгін тарс жабық тұр. Көршілері үйде қазір ешкім жоқ екенін айтты. Белгілі болғандай, бұл үйді бірнеше адам жалдап тұрған. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Екі сағаттан соң ауыздықталған қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған. Үйден өрт шыққан уақытта айналасындағы көршілер қауіпсіз жерге көшірілген.
Өрттен 49 жастағы әйел және 62 жастағы ер адам құтқарылған. Дәрігерлік тексерістен кейін зардап шеккендердің газға уланғаны анықталып, облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 10 өрт тіркеліп, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Оттың шығуына көбіне, электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық қағидаларды бұзу себеп. Ал былтыр облыс аумағында 811 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.
Количество показов: 622
Дата создания: 06.01.2021 21:12:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>