Кенеден келер қауіп көп
Байғанин, Ырғыз, Ойыл және Темір оба инфекциясының негізгі ошақтары, ал туляремияның табиғи ошақтары деп Алға, Қобда, Ырғыз, Ойыл, Әйтеке би аудандары саналады. Аталған аурулар адамға бүрге және кене арқылы тарайды. Бұдан бөлек кененің шағуынан Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы мен кене энцефалиті аурулары және бүргеден оба инфекциясы жұғады.Облыстық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кенеден сақтануды ескертеді. Денеге қадалған кенені пинцетпен немесе жіппен алу керек,-дейді. Шаққан орынды йодпен өңдеп, артынша қолды сабындап жуған дұрыс. Табиғат аясында демалатындар үшін сақтық шаралары маңызды. Мұндайда эпидемиологтар ашық түсті киімдер киюге кеңес береді. Аяқ-қолыңыз толықтай жабық болса абзал. Айта кетейік, былтыр кененің шағуынан 174 адам зардап шеккен, олар 14 күн бойы диспансерлік бақылауда болды. Ал, қалада Конго - Қырым дертін жұқтырған бір адам тіркелді. Науқас Қызылорда облысының тумасы болып шықты.
Количество показов: 320
Дата создания: 12.06.2024 05:17:40