Кадеттер мектебі ашылды
Тәртіп бұзып, ішкі істер органдарының қатаң назарына іліккен жасөспірімдер кеше кадеттер мектебіне қабылданды. 40 оқушы аптасына бір рет әскери тәртіпке бағынып, білім алады. Ілкі жоба республика бойынша тек екі қалада қолға алынды. Алматы және біздің шаһарымызда. Құқық қорғаушылар мен білім саласының мамандары бұл жобадан үлкен үміт күтеді. Кадеттер мектебі облыстық ІІД - нің оқыту орталығы жанынан ашылды. Америкада кеңінен қалыптасқан тәжірибе енді біздің өңірімізде және Алматыда сыннан өтпек. Бұл бос уақытында бұзақылыққа ұрынып, тәртіп бұзатын жасөспірімдерді саналы түрде тәубасына келтіретін жоба. Оқыту орталығы бастығы Нұрмұқан Бірмановтың айтуынша, ілкі жобаның артықшылығы да, тиімсіз тұстары да уақыт өте келе белгілі болады. Үш жылға жоспарланған құқық бұзушылықтың алдын-алу бағдарламасы аясында ұйымдастырылған маңызды шараға "Бүркіт" әскери- патриоттық клубының өкілдері атсалысады. Кадеттер мектебінің ашылғанын естіген жеткіншектердің бірқатары өз еріктерімен жазылған. Алдағы сенбіде алғашқы сабақ басталады. Кадеттер көпшілікке ортақ заң талаптарып жіліктеп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтанады. Психологиялық дайындықтан өтіп, атыс өнерін үйретеді. Сондай - ақ дене шынықтыру- оқу бағдарламасының негізі. Облыстық ІІД оқыту орталығының бастығы Нұрмұқан Бірмановтың айтуынша мектеп жүз шақты жасөспірімді оқытуға әзір. Жоғары білімді әскери педагогтар жеткілікті. Тек жоба басталмай жатып шешімін күткен мәселе туындап жатыр. Аталған жоба шеңберінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші төмендеп, қалалық ішкі істер бөлімінің қара тізіміне ілігушілер қатары азаяды деген үміт бар. Кадеттер мектебіне 7-9 сынып аралығындағы өрендер қабылданады. |
Количество показов: 2417
Дата создания: 08.04.2013 18:50:55