"Күзет" қызметінің бұрынғы бастығы Асқар Жұрмағамбетовке қатысты сот жалғасуда
Ақтөбе қалалық сотында мамандандырылған "Күзет" қызметінің бұрынғы бастығы Асқар Жұрмағамбетовке қатысты іс қаралып жатыр. 100 мың теңге пара алды деп айыпталған полиция подполковнигінің қорғаушылары бұл әдейі жасалған арандатушылық деп отыр. 14- наурызда мамандандырылған "Күзет" қызметінің бастығы Асқар Жұрмағамбетовті Ақтөбе ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері парамен құрықтады. Іс материалдары бойынша жұмыссыз адамды қызметке орналастыру үшін полиция подполковнигі 100 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Ал Қ. Жұбанов атындағы университет студенттерін куәгерлікке тартқан. Бүгін куәгерлердің екеуі де сот алдында бірнеше сұраққа жауап берді. Сотталушы және оны қорғаушылар сотта бейнекамераға түсуден бас тартты. Куәгерлер сұрақтың астына алынды. Алайда іске нүкте қойыл жоқ бүгін. Айта кету керек, облыстық мамандандырылған "Күзет" қызметінің бастығы лауазымына Асқар Жұрмағамбетов 2011 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын. Бұрын көліктігі Батыс ІІД - де қызмет етті. |
Количество показов: 2169
Дата создания: 10.06.2013 19:03:38