"Күзет" қызметінің бұрынғы басшысы 9 жылға сотталды
Бүгін қаламызда құқық қорғау саласының тағы бір жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізде болса "Күзет" қызметінің бұрынғы басшысы Асқар Жұрмағанбетов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот үкімімен 45 жастағы полиция полковнигі енді өмірінің алдағы 9 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады. Мамандандырылған "Күзет" қызметінің бұрынғы басшысы Асқар Жұрмағанбетов үстіміздегі жылдың мамыр айында өзінің кабинетінде ірі көлемде пара алу кезінде қолға түскен болатын. Полиция полковнигі белгісіз бір тұлғаны жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың теңге мөлшерінде пара талап еткен. Алайда әлгі азамат бірден құқық қорғау орындарына шағымданған. |
Количество показов: 2136
Дата создания: 20.08.2013 18:33:06