Қадыр Мырза-Әлі ақынша айтқанда, "Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра". Ұлтымыздың шежіресіне айналған ұлттық аспабымызда әр қазақтың баласы ойнай білсе. Күміс көмейден жыр-терме төгетін әншілер қатары көбейсе. Жас өрендердің төл өнерімізге деген сый-құрметі тасыса. Бүгін балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен "Жас дарын" байқауының көздегені осы. Осымен үшінші жыл қатарынан қаладағы өнер мектептерінің балалары мен әуесқой оқушылар бір сахнада шеберлік байқасты. Күйдің құдіреті сол, домбыраға тіл, ерге қайрат-жігер бітіреді. Күйді өзге аспаптарда да орындау тәжірибесі қалыптасқан. Алайда оның бар мазмұнын қазақтың қара домбырасы ғана жеткізе алады. Күй жарыс бүгін балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өтті. Жас жеткіншектер Құрманғазы, Тәттімбет, Н. Тілендиев секілді күйшілердің шығармаларын нақышына келтіре орындады. Балалардың дарынына музыка колледжінің оқытушылары баға берді. "Жас дарын" қалалық байқауы сондай-ақ терме орындаушыларды, дәстүрлі әншілерді жинады.
Әр номинацияда гран-при иесі мен жүлдегерлер анықталды. Оларға қалалық білім бөлімі мен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының дипломдары табысталды.
Количество показов: 1045
Дата создания: 12.02.2020 19:30:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>