Көшеттер суарылып жатыр ма?
Көктемде қаламызға мыңдаған жас көшеттер отырғызылды. Түрлі талдар ендігі тамыр алып, жапырақтары жайқалып жатқандары да жоқ емес. Жазда көлеңкесімен жанға сая болатын жасыл желек Қалалық Мәдениет үйінің алдында да жетерлік. Бірақ осы егілген ағаштар уақытында суарыла ма, пікірлерін біліп көрелік.Аудан тұрғындарының айтуынша, осы саябақта тыныстап, таза ауамен демаламыз. Ауданымызға жас талдарды егудің кемі жоқ. Бірақ жас ағашты еккеннен кейін уақытында суарып, баптағаны жақсы дейді. Ал коммуналдық қызметтегілер болса, жас ағаш көшеттерін суару уақытымен жүзеге асатынын жеткізді.Астана ауданы бойынша 20-ға жуық учаске бойынша 11, ал күн ыстық кездері 15 техникаға дейін көше талдарын суаруға шығады. Ал биылғы жаз аса қапырық емес. Жаңбыр да жиі жауып, талдар жап-жасыл, қуарған ағаштар да аз дейді жауаптылар.Количество показов: 298
Дата создания: 25.07.2024 00:37:57