Күшіміз бірлікте!
Наурыз айының соңында елімізге тосыннан келген табиғи апат халықты есеңгіретіп тастағаны анық. Өңірімізде төтенше жағдай жарияланып, тасқынның зардабын жою шаралары әлі жүріп жатыр. Қиын-қыстау сәтте тұрғындардың көңіл-күйін көтеру маңызды. Жексенбі күні өткен "Күшіміз бірлікте" фестивалінің мақсаты да осы. Тасқыннан зардап шеккендерді барынша қолдау. Олардың көңілін аулау. Әсем ән, тамылжыған күй мен мың бұралған бишілер ауа райына қарамастан ашық аспан астында өнер көрсетті. Жиналған халыққа күш-қуат пен жағымды көтеріңкі эмоция сыйлады деуге болады. Ал республикаға танымал өнер жұлдыздарының шаһарымызға арнайы келуі ақтөбеліктер үшін ерекше сый болды. 28 мамыр — Ақтөбенің туған күні. Бұл күнді ақтөбеліктер ерекше күтетіні анық. "Қазақстан халқына мың алғыс" стеласының алдындағы концертке тұрғындар кешкі 6-дан жинала бастады. Сүйікті қаласына деген тілектерін жаудырып, қаламызды одан әрі көркейту жолындағы ұсыныстарымен бөлісті. Көңілді коцерт түн ортасына дейін жалғасты. Елімізге танымал әншілер қала күнімен құттықтап, жылы лебіздерін әсем әндерімен жеткізді. Мархаба Сәби, Әлішер Кәрімов, Мәдина Сәдуақасова, Садраддин, Еркеш Хасен, Алдаберген Жақсыбаев сынды әншілер халықтың көңіл күйін көтерді.Количество показов: 321
Дата создания: 28.05.2024 06:26:08