Кәсіпкерлерге тосқауыл көп
Кедергілер мен негізсіз тексерулер. Кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуіне кері әсер етіп отырған басты екі себеп-осылар. Бұл туралы бүгін облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров айтты. Жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған 62 прокурорлық тексеру жүргізіліп, 300-ден астам заң бұзушылық анықталған. Кәсіпкерлік кең қанат жая бастады. Қазір облыста 30 мыңнан астам кәсіпкер бар. Алайда, олардың өз кәсібінің нәсібін көруіне кедергілер де жоқ емес. Әсіресе, бақылаушы-қадағалаушы органдар тарапынан заңсыз тексерулер, әкімшілік қысымшылық азаймай тұр. Бұл "Кедергісіз кәсіпкерлік" өңірлік бағдарламасы аясында жүргізілген тексерулер нәтижесінде белгілі болған. Тек қадағау актілерін атқару нәтижесі бойынша 209 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалған. 5 заңсыз құқықтық актінің күші жойылған. Кәсіпкерге кесірін тигізетін кімдер? Облыстық прокуратура №1 басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов заңнаманы жиі бұзатын мемлекеттік органдарды санамалап берді. Прокурорлардың қызу талқысына түскен тағы бір жайт - заңнамадағы кемшіліктер. Мысалы, кәсіпкер өзіне бөлінген аумақтың нысаналы мақсатын өзгерткісі келеді. Жер Кодексінде өтініш 30 күнтізбелік мерзім ішінде қарастырылуы тиіс. Ал, кейбір кәсіпкерлер оны бір ай, тіпті кейде 4 айлап күтуге мәжбүр. Сондықтан, өтінім қаралатын уақытты ұзарту жағын қарастыру қажет, дейді прокурорлар. Кәсіпкердің құқығы тағы қандай жағдайларда бұзылады? Оған бүгінгі алқа мәжілісінде бірнеше мысал да келтірілді. Қазір прокуратурада арнайы мобильді топтар жұмыс жасайды. Олар өздерін заңсыз тексергендігі туралы кәсіпкерлерден түскен хабарлама бойынша жедел көмек көрсетеді. Ағымдағы жылы жұмылдырылған топқа 40 дабыл түскен. Заңсыз тексеру жүргізгені үшін 6 тұлға әкімшілік, ал жетеуі- тәртіптік жауапқа тартылған. Соңғысының үшеуі- сыбайлыс жемқорлық сипаты бойынша жазаланған. |
Количество показов: 2003
Дата создания: 18.09.2013 18:37:06