Кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетілуде
Облыс кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсету мақсатында Ақтөбеде арнайы орталық ашылды. Аталмыш орталық "Даму" қорының аймақтық филиалы жанынан құрылған. "Даму" Қорының кеңесшілері мен сервистік компаниялардың мамандарынан құралған бұл топ қазірдің өзінде облыстың 6 ауданында болып кәсіпкерлермен кездесіп үлгерген. Эльмира Нұржанованың кәсіпкерлікпен айналысқанына да көп уақыт өтпепті. Өз жеке ісін бастамас бұрын ол алдымен "Даму" Қоры қызметкерлерінің кеңесіне жүгінген. Ал бүгін орталық мамандарынан сервистік қолдау сұрай келіпті. Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік тұрғыдан қолдауға арналған бұл жоба "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы аясында қолға алынған. Шараның басты мақсаты шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпкерлікті жүргізу барысында орын алатын сұрақтар бойынша тегін кеңес беру. Сондай-ақ орталық қызметкерлері кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, кедендік рәсімдер, сапа менеджменті жүйесін енгізуге қатысты да тегін қызметтер көрсетеді. Кәсіпкерлердің пайдалануына ыңғайлы болу үшін сервистік қызметтер бір орында яғни "бір терезе" қағидасы бойынша жүзеге асуда. Орталық Маресьев көшесінің бойындағы 105 үйде орналасқан. Сондай-ақ орталық жанынан облыстың барлық аудандарын аралау үшін арнайы автобуспен жабдықталған мобильдік топ та құрылған. Аталмыш топ қазірдің өзінде Ырғыз, Шалқар, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында болып кәсіпкерлерге тегін қызметтер көрсетті. |
Количество показов: 2122
Дата создания: 22.07.2013 18:43:41