Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауға қол жеткізу жолдары түсіндіріліп жатыр
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы ірі өндірістермен қатар шағын және орта бизнеске де қолдау көрсетуге бағытталады. Бұдан былай ұсақ кәсіп иесі мен ісін енді бастап жатқан азаматтар да гранттан, субсидиядан үміттене алады. Ал мұндай жеңілдіктерге қалай қол жеткізуге болады? Оның жолдарын түсіндіріп, кеңес беру мақсатында бүгін қалада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні жарияланды. Бұдан былай шағын кәсіп иелері, тіпті ісін жаңа бастап жатқан азаматтар да мемлекеттен қаржылық демеу күте алады. Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы шеңберінде елімізде ұсақ кәсіп иелеріне грант беру, бастамасын субсидиялау, сервистік қолдауға ие болу мүмкіндіктері бар. Кәсіпкерлердің сұрауымен бүгін қалада осы мәселеге қатысты кеңес беру түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ашық есік күні жарияланды. Елде "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру көрсеткіші бойынша біздің облыс екінші орында. Былтырдан бері Ақтөбеде 120 кәсіпорынға 10 миллиард теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілген. Жыл басталғалы 41 жекеменшік мекемеге бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бүгінгі ашық есік күні 3 күн бойы жалғасады. Кәсіпкерлер "Нефтегаздем" зейнетақы жинақтау қоры ғимаратына келуі керек. Онда қалалық " Нұр Отан " партиясы филиалының мұрындық болуымен қалалық кәсіпкерлік бөлімі, "Даму" кәсіпкерлерді қолдау қоры, базарлар қауымдастығы, саяси кеңес өкілдерінен тегін ақыл-кеңес, бизнес ашу, оны дамытуға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. |
Количество показов: 1920
Дата создания: 19.07.2013 18:36:07