Кәсіпкерлерді қолдауға үкімет 35 млн теңге қаржы бөлді
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында жыл аяғына дейін ақысыз қызмет көрсетілмек. Заңгерлік көмекке, бухгалтерлік білімге зәру кәсіп иелері консалтинг орталығына бүгіннен бастап өз өтініштерін білдіре алады. Ол үшін Ломоносов көшесі ¹2- ші үйдің іргесіндегі ғимаратқа кіріп, мамандармен жолығуы қажет. Осылайша жеке кәсіпкерлер өз шаруасын оңтайлы шешу үшін білікті мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Республикалық бюджеттен осы мақсатқа 35 млн теңге қаражат бөлінген. Енді салықтық, кедендік рәсімдеуді де консалтинг орталығының көмегі арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Сондай - ақ әр шағын кәсіпкердің есеп жүргізуіне орталықтың ықпалы болады. Мемлекеттік сатып алу, тендерге қатысу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Ең бастысы жан - жақты кеңесті қажет ететіндердің кәсіпкер екендігін куәландыратын құжат, жеке куәлігі мен салық нөмірін тіркеу қағазы қолда болуы керек. |
Количество показов: 2267
Дата создания: 07.08.2012 19:54:10