Кәсіпкерлер мен қала әкімі азық-түлік бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойды
Қала әкімі Ерхан Омаров бүгін жергілікті ірі супермаркет желісі және базар басшыларымен ортақ меморандумға қол қойды. Бұл меморандум кәсіпкерлерді қалада әлеуметтік маңызға ие азық-түлік түрлеріне бағаны 1 жыл бойы тұрақты ұстап тұруға міндеттейді. Меморандум талабына сай кәсіпкерлер бөлшек сауда бағасына 10 пайыздан артық үстеме қоспауы қажет. Көкөніс, жеміс-жидек, сүт, ет, ұн өнімдері күнбе-күн тұтынып отырған тағамдарымыз. Сондықтан азық-түліктің осы түрлеріне әлеуметтік маңыз беріліп, жергілікті билік бағасын бақылауда ұстауды міндетіне алған. Тіпті қалада арнайы тұрақтандыру қоры құрылды. Қор бүгінгі күні көкөністің картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз секілді түрлерімен толтырылып болған. Тиісті уақытында жұмсалады. Одан бөтен күн сайын сөредегі бағаларға мониторинг жасалып тұр. Ал апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу әбден дәстүрге енген. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Анар Даржанова бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлердің тауар жеткізуші ірі кәсіпорындармен байланыс орнатуына кеңес береді. Мәселен, "Қазагрожеміс" деп аталатын кәсіпорын алманы 148 теңгеден жеткізіп тұр екен. Жаңа жылдан бастап осы кәсіпорын қалаға цитрусты жеміс-жидектер түрін, қызанақ, қияр жеткізеді. |
Количество показов: 2618
Дата создания: 13.12.2012 20:05:30