Кәсіпкер 1 млн теңге салығын төлемей қашып жүр
Мемлекеттің қазынасына бір миллион теңге салық төлемеген кәсіпкердің жеке мүліктері тәркіленді. Бүгін мемлекеттік сот орындаушылары жол полицейлерімен бірге "Қалам и К" ЖШС-нің иесімен кездесуге тырысты. 11 мөлтек ауданда тұратын кәсіпкер үйінің есігін ашпады. Мәлік Жолдыбаев осы жылдың ақпан айынан бері салық төлемеген. Қалада ірі екі сауда дүкені бар. Салығын төлеуге асықпаған кәсіпкер жақында ғана Түркияда отбасымен бірге демалып келген. Сот орындаушылары бүгін оның "БМВ" маркалы шетелдік көлігін аукционға қою үшін алып кетуі тиіс. Айта кетерлігі, қалада жеке көліктеріне салық төлеуден жалтарып жүрген мыңнан аса ақтөбелік бар. |
Количество показов: 2613
Дата создания: 22.08.2012 21:24:43