Кірпішті ауылы маңындағы жол әлі салынып жатыр
Кірпішті ауылының орталық көшесінде түратын тұрғындар ала жаздай көрген күніміз күн болмады. Айнала көк шаң, басқа қалаларға қатынайтын көліктер ауылдың ортасымен өтіп жатыр. Күндіз-түні көліктің даусынан құлақ тұнады,- дейді. Ал кейбір тұрғындар керісінше қалаға қатынайтын жол кеңейіп, жағдай жақсаратын болды, деген пікірде. Қазір тәңертеңнен бастап, қалаға жұмысқа қатынайтындар үшін де оңай болмай тұр. Бұрын 15 минутта қаланың орталығына жететін жүргізушілер, қазір 40 минут уақытымыз жолға кетеді,- дейді. Кірпішті көпірінің маңындағы жол жөндеу жұмыстары Ақжардан өтіп, қарғалы ауылындағы айналма жолға дейін жүргізіледі. Мердігер компания "Агрофирма-Коквест" ЖШС. Бұрынғы екі жолақты жол кеңейтіліп, енді оның орнына төрт жолақ салынады. Құрылыс жұмыстары қараша айының ортасында аяқталады,- дейді мердігер компания өкілдері.Количество показов: 294
Дата создания: 10.07.2024 10:13:20