Көп балалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілері табысталды
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі қарсаңында ақтөбелік 9 көпбалалы ананың төсіне алтын және күміс алқалары тағылды. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева ардақты аналарды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар тарту етті. "Алтын алқа" иегерлерінің қатарында 9 баланы өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Орындық әжей де бар. Тоғызынан тараған 25 немере мен 7 шөбересінің қызығын көріп отырған кейуананың қазіргі арманы тек біреу ғана. Ол- балаларының амандығы. Қазір қалада 1458 күміс, 1304 алтын алқа иегері тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан олардың әрқайсысына ай сайын 10578 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді. |
Количество показов: 2558
Дата создания: 20.03.2013 19:36:03