Көпқабатты тұрғын үйлердің қырық пайызы жылу маусымына дайын
Қалада жылу маусымына дайындық науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруаларын тындырып, жауапты мекеме өкілдерінің де, тұрғындардың да көңілінен шығып жатқан пәтер иелері кооперативтері бар. Қыста бірде - бір шаңырақ жылусыз қалмауы керек. Осыған орай тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері иесіз, апатты үй қожайындарымен кездесулер ұйымдастыруда. Есет батыр көшесіндегі №158 - мына үйдің жертөлесі бір жаңарып қалды. Тұрғындар қаражатын тиімді пайдаланған "Тан" пәтер иелері кооперативіне үй иелерінің айтар алғысы зор. Су элеваторы, кәріз құбырлары алмастырылды. Үнемі шалшық судан көз ашпаған жертөлеге заман талабына сай пластикалық құбырлар орнатылған. "Тан" ПИК төрайымы Людмила Штэклердің айтуынша, қыруар шаруа тұрғындар жауапкершілігінің арқасында іске асты. "Тан" ПИК - не қарасты он жеті үйдің он үшіне күрделі жөндеу жасалыпты. Жылу маусымына дайындық талабы толықтай орындалған. Қаладағы иесіз жатақханалардың жағдайы алаңдатады жауапты мамандарды. Қазіргі таңда "Трансэнерго" АҚ -мы қалалық тұрғын үй инспекциясы өкілдерімен бірігіп апатты жағдайлардың себебін анықтап, оны қалыпқа келтіру үшін сметалық жоба әзірлеген. Енді тұрғындардың белсенділігі қажет. Тиісті қаражат жиналса, күрделі жөндеу жұмыстары да көп күттірмейді. Осы күні көпқабатты жиырма тұрғын үй толық жөндеуден өтті. Бұл тұрғындар қаржысына жасалған шаруа. 570 баспанаға ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Барлығы 1568 баспананың дайындығы қыркүйектің 20- на дейін аяқталуы тиіс. Пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері тұрғындардан мақсатты қаражат жинауда біраз қиындықтар туындайтынын тілге тиек етті. Көп жағдайда қалталы үй қожайындарынан гөрі, орташа айлық алатын ақтөбеліктер, зейнеткерлер жауаптырақ бұл іске. Жалпы бір жертөлеге күрделі жөндеу жасау 400 мың теңгені қажет етеді. |
Количество показов: 2123
Дата создания: 11.07.2013 18:57:58