Күннің ыстығынан электр желілері істен шығуда
Биыл электр желілерін модернизациялауға 700 млн. теңгеден астам инвестиция салынады. Аталған қаражатқа әбден ескіріп, тозығы жеткен бірнеше подстанцияны қайта жаңарту көзделген. Бұдан бөлек тағы да 254 млн. теңге қаржыны "Энергосистема" ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарына шығындамақ. Осыдан біршама уақыт бұрын Қарғалы, Кірпішті елді мекендерінің тұрғындары тоқ күшінің шамадан тыс артуына байланысты өз наразылықтарын білдірген болатын. Осыған орай аталған аудандарда биыл қосымша трансформаторлар орнатылған. Электр жүйесінде орын алатын апатты жағдайлар соңғы кезде жиілеп отыр. Көптеген қала тұрғындары құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында сол маңайда орналасқан коммуналдық желілерге жете мән бере бермейді. Оның үстіне күннің қатты ысуы да электр желілерінің жиі істен шығуына себеп болып отыр. Ақтөбе тұрғындарының қалыпты 1 күндік электр қуатын тұтыну мөлшері секундына 70-80 Мватты құрайды. Дегенмен қазіргі жұмсалып отырған қуат мөлшері бұл деңгейден әлдеқайда жоғары. |
Количество показов: 3012
Дата создания: 13.08.2012 18:39:26