Көне мешіт Құрбан айт мерекесінде қайта ашылады
Қалалық орталық мешіттегі қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары Құрбан айт мерекесіне дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін облыстың бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков айтты. Жаңартылған мешіт 1500 адамға лайықталған. Қаладағы көне мешіттің 110 жылдық тарихы бар. Былтыр облыстық атқарушы биліктің бастамасымен Алланың жердегі үйін қайта жөндеп, жаңарту жұмыстарын жүргізіп, қосымша нысандар салу қолға алынған болатын. Бастапқы жұмыстарға облыстық қазынадан 200 млн. теңгедей қаржы бөлінді. Оған қоса жергілікті жамағат пен ірі кәсіпорын басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері де өз үлестерін қосқан. Қазір ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күмбез бен мұнараға қажетті заттар Ресейден әкелінген. Мешіттің сырты мәрмәрмен қапталады. Алланың үйі аппақ болып, алыстан мен мұндалап тұрады дейді бас имам. Қалалық мешіттің іргетасы 1901 жылы қаланған. 1903 жылдың маусым айында оның қасынан үш үй және медресе салынған. Ғибадат үйі құрылысы түрлі жылдары тарихи кезеңдерді бастан кешірді. 1929 жылы оны жауып, 1934 жылы ол жергілікті баспаханаға айналдырылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы қала тұрғындарының сұрауы бойынша ғимаратқа Ақтөбе қаласының мешіті деген мәртебе берілген. Қазір облыста 68 мешіт бар. |
Количество показов: 2108
Дата создания: 06.06.2013 18:31:09