Көне қалада үйлер арасында қоқыс контейнерлер саны көбейтілуде
Аула тазалығына алаңдаған тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы. Балалар ойнайтын, өзіміз тынығып отыратын жерге қоқыс жәшіктерін қойдыртпаймыз деп отыр олар. Әсіресе Әйтеке би көшесі 38 "А" үйінің тұрғындары ашулы. Қоқыс жәшіктеріне деп әзірленген орын осы үйдің тап алдында.
Негізі бұл маңда 10 контейнерден тұратын ескі қоқыс алаңы бар. Жәшіктер Ш. Уәлиханов көшесіндегі №18 "А" үйдің артында орналасқан. Бұл алаңға 5 бірдей көп қатарлы үйдің тұрмыстық қалдықтары шығарылатын болған соң контейнерлер бір күнге жетпей толып қала береді. "Ақжол ЛТД" ЖШС-і осыны ескеріп, қосымша контейнерлерге тапсырыс берген. Әйтеке би көшесіндегі №38 "А" үйінің тұрғыны Қарлығаш Мұсабаева бір апта бұрын қала әкімдігіне барған. Табалдырықтан тосып алған қызметкерлер арызды басшылыққа жеткіземіз деп шығарып салған. Мәселеге қатысты бүгін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен жауап алу мүмкін болмады. "Ақжол ЛТД" серіктестігі өкілдері де мардымды жауап қайтармады.
Количество показов: 664
Дата создания: 21.07.2021 18:45:40