Күнделікті тұтынып жүрген азық-түлік бағасы 6 жылда шамамен 50 пайызға көтерілген
Баға, қайда барасың?! Жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы тағы көтерілді. Тұрғындардың пікірінше, жалақы көтерілсе, іле-шала азық-түлік бағасы да шарықтап кетеді. Мамандардың есебі бойынша, өткен айда барлық тауарлар мен қызметтер 0,5 пайызға, ал азық-түлік, 1,1 пайызға өскен. Сондай-ақ, ақылы қызметтер де 0,1 пайызға көтерілген. Бағасы төмендеген азық-түліктер де бар. Мәселен, тұздалған балық 2,1%, күріш 0,8%, ал қанттың құны 0,4 пайызға түскен. Айта кетейік, бір жылда күнделікті тұтынып жүрген азық-түлік бағасы 10 пайызға, ал алты жылда шамамен 50 пайызға көтерілген.
Количество показов: 630
Дата создания: 03.02.2021 18:48:11