Күнбағыс майы қымбаттады
Ақтөбеде ұн мен май қымбаттады. Өсімдік майының құны төрт пайызға өскен. Облыстық статистика департаменті басқармасының бастығы Ұлжан Ташауованың айтуынша, осы айда көкөністердің бағасы құбылып тұр. Тұтыну нарығындағы өткен жеті айдың қортындысы осы. Оңтүстіктен тасымалданатын өнім қымбат. Сондай - ақ биылғы бау-бақша өнімдерінің бағасы аспандап тұр. Қазір базарларда сәбіз -140, қырыққабат 108 теңге деп бекітілген. Қиярдың құны күрт жоғарылады. Бұрын халық бұл көкөністі 70 теңгеге алса, қазір 200 теңгеден жоғары. Статист мамандар ұнның бағасы қалыптасқан қуаңшылыққа байланысты қымбаттады деп отыр. Ал шекер былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда арзан. Өткен жылы қанттың келісі -205 теңге болған. Ал қазір оны 130 теңгеге сатып алуға болады. Бұл биыл тұрақты сақталған баға. |
Количество показов: 4371
Дата создания: 21.08.2012 19:04:08