Үкімет әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заң жобасын мақұлдады
Әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке дейін ұлғайту керек. Бүгін министрлер кабинетінің мүшелері бұл мәселені үкімет отырысында талқылап, ақыр соңында заң жобасын мақұлдады. Енді құжат парламенттің қарауына жіберіледі. Құжатқа сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы он жыл ішінде біртіндеп ұлғайтылатын болады. Әр жыл сайын жарты жылға өсіп отырады. Ведомствоаралық комиссия үкіметке жас ұлғайтуды 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастауды ұсынды. Әзірге жоба түріндегі құжатты парламенттегілер талқылауы тиіс. Заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлдаса, әрі қарай сенаттың қарауына жіберіледі. Үкімет мүшелерінің бұл шешіміне ақтөбеліктер әлбетте, қуанған жоқ. Жыл санап, күн санап, зейнеткерлікке шығатын кезді күтіп жүрген әйелдер тағы бес жыл еңбек етуге құлықсыз. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов қоғам бұл өзгерістерді жылы қабылдады деген пікірде. Министр бұдан басқа міндетті зейнеткерлік жарналардан бөлек, жұмыс берушілерден қосымша 5 пайыз көлемінде міндетті кәсіби зейнеткерлік жарналар жинауды ұсынып жатыр. Жаңа жарна еңбекақы қорынан төленуі тиіс. Бұл нормаға енетін мамандықтардың тізімі әлі бекітілген жоқ. Қазір елімізде әйелдер зейнетке 58 жаста, ер азаматтар 63 жаста шығады. |
Количество показов: 3176
Дата создания: 02.04.2013 18:50:30