Әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталды
Бүгін Заречный-3 елді мекеніндегі №61- мектепте Алматы ауданының әкімі Әміржан Оразғалиев есеп берді. Кездесуге қала әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ Заречный-1, Рауан, Мағаджан ауылының тұрғындары қатысты. Тұрғындар кездесу кезінде қалаға қатынайтын автобус мәселесі мен көлік жолдары туралы ұсыныстарын жеткізді. Қала маңындағы елді мекенде атқарылған іс те, шешімін таппаған мәселе де бар. Қала тізгінін қолға алғалы елді мекен тұрғындарымен алғаш рет көріскен Асхат Шахаровқа айтылған ұсыныс аз болмады. Бүгін тұрғындармен кездесіп, есеп берген Әміржан Оразғалиев та Алматы ауданының әкімі болып былтыр желтоқсан айында тағайындалған. Жаңа әкімді жылы қабылдаған тұрғындар қордаланып қалған мәселелер туралы айтты. Сондай-ақ, қария Заречный-3 елді мекенінде дәріхана жоқ екенін айтты. Індет өршіген кезде тұрғындар қалаға қатынау қиындап, дәрі-дәрмектен тапшылық көргенін жасырмады.
Шаһар басшысы қаладағы дәріханалармен келісім жасайтынын және бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді. Былтыр қиын-қыстау кезде дәріханаларға облыс әкімі қаржылай көмектескенін де еске салып өтті. Ауылдағы шешімін таппаған тағы бір мәселе - автобустардың аздығы. Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме атына сын айтты. Елді мекен қалаға жақын болса да қатынау қиын. Тұрғындар өтініштерін қала әкіміне жазбаша түрде жеткізген.
Асхат Шахаров қоғамдық көлік мәселесі қаражатқа байланысты екенін, бірақ биыл шешілетінін айтты. Ал аудан әкімі істелген жұмыстар мен тұрғындардан келіп түскен ұсыныстарға тоқталып өтті. Айта кетейік, қаланың Алматы ауданының құрамында 28 елді мекен бар. Онда 230 мың адам қоныстанған.
Количество показов: 890
Дата создания: 18.01.2021 18:25:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>