Көңіл көтеру орындарында қылмыс көп
Ақтөбеде соңғы 10 жылда көңіл көтеру орындары бірнеше есеге көбейген. Бос уақытын кафелерде өткізетін қалалықтардың саны да артқан. Билік өкілдері мұны жерлестеріміздің тұрмыс жағдайының жақсаруымен түсіндіреді. Ал құқық қорғаушылар болса кафе, мейрамханаларда орын алатын қылмыс санының артқанын айтып дабыл қағуда. Үстіміздегі жылдың 6 айының өзінде қаламыздың көңіл көтеру орындарында 100-ге тарта қылмыс тіркелсе, оның біреуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша қылмыстардың көбісі таңға дейін жұмыс жасайтын кафе, мейрамханаларда орын алуда. Мұндай орындардағы көңілді кештердің аяғы, ішімдікке сылқия тойған жастардың жаға жыртысумен аяқталып жатады. Сондай-ақ көңіл көтеру орындарында орын алатын қылмыстардың қатарында ұрлық, қарлық та азаймай отыр. Тәртіп сақшылары кафе, мейрамханаларда орын алатын қылмыс санын азайту үшін ол жерлердегі бейнекамералар санын көбейту керек деп отыр. Сондай-ақ көңіл көтеру орындарының иелері сапалы күзет қызметіне жүгінгені жөн. Ал ондай қызметті қалтасы көтермейтіндер дабыл құрылғысын орнатқандары дұрыс. |
Количество показов: 2189
Дата создания: 12.07.2013 18:06:45