Көкжөтелден сақ болыңыз!
Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда кездесетін инфекциялық ауру. Бұл сырқаттың өзге инфекциялардан айырмашылығы – тыныс алу функциясының бұзылуында және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы. Яғни көкжөтел бастапқы кезде тұмау сияқты басталғанымен, асқынып кету қаупі зор,- дейді ақ халаттылар.Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды. Жөтеліңіз жиілесе, дәрігерге көрініңіз. Ауруды қоздыратын бактерияның берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшысы арқылы жұғады. Қоздырғыш бактерия адамның түкірігінде 2 сағатқа дейін тұрып, 1,5 метрге дейін ұшады.Көкжөтелге қарсы негізгі шара вакцинация,-дейді мамандар. Соңғы жылдары вакцинадан бас тартатындар көбейген. Бұл аурудың даму динамикасын өсіріп отыр. Көкжөтелге қарсы вакцина баланың 2 айында, 3,4,18 айында, кейін 6 жасында бір алынады.Количество показов: 262
Дата создания: 14.08.2024 06:32:21