"Көктем-2020" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары екі күнге жалғасады. Қалада және аудан орталықтарында өтіп жатыр. Бүгін таңда қаладағы азаматтық қорғау қызметтері, ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімі сарбаздары мен еріктілер "Ұстаз" бау-бақша ұжымы маңына жиналды. Бұл жермен Сазды өзені өтіп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын өзен арнасынан асып, саяжай тұрғындары суға кеткен болатын. Биыл төтенше жағдайлар қызметтері жағдайдың қайталанбауына күш салып жатыр. Оқу-жаттығу жиынына бау-бақша ұжымының тұрғындары да тартылды. Қарапайым халық пен құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары пысықталды. "Ұстаз" бау-бақша ұжымының тұрғындары Гришин көшесіндегі №1-ші мектепке эвакуацияланды. Алдын ала құрылған оқиға желісі бойынша судан зардап шеккендеріне арнайы құрылған шатырларда алғашқы медициналық жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Қызыл су келе қалған жағдайда материалдық зардапты да мейлінше болдыртпау іс-әрекеттері пысықталды.
Былтыр Сазды, Елек, Қарғалы, Бұтақ өзендерінің сағасы кеңейтіліп, жағасын тазарту, арналарын бекіту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерден 102 мың текше метрден аса қар шығарылды. Су шаю қаупі туындаған жағдайда жалпы саны 1955 құтқарушы маман, 422 бірлік техника, 95 бірлік жүзу құралы, 219 бірлік мотопомпа әзірлікте. Адамдарды эвакуациялайтын 79 бекет дайындалған. 329 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. 7 мың тонна инертті материал дайын. Сондай-ақ, төтенше резервте 1 миллиард 150 миллион теңге бар.
Количество показов: 858
Дата создания: 25.02.2020 18:20:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>