Интернет алаяқтан сақ болыңыз!
Ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы өркениетті қоғамды қалыптасыруға септігін тигізіп қана қоймай, өкінішке қарай жаңа қауіп-қатерлердің тууына қолайлы жағдай жасайтыны құпия емес. Ақпараттық кеңістік пен ақпараттық технологиялар жекелеген елдерде саяси жағдайды тұрақсыздандыру мен экономикалық зиян келтіру үшін, сондай-ақ, қылмыстық топтармен әртүрлі бағыттағы қауымдастықтардың мүдделері үшін қолданылуда.Желідегі шабуылдар, пластикалық төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау, корпортативтік тыңшылық- бұл киберқылмыскерлердің интернет желісінде жасап жүрген қылмыстарының тек бірнешесі ғана. Мұндай құқық бұзушылық көптеген әлем елдеріне ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетке қауіп-қатер. Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен. Жыл басталғалы бері қылмыстың осы түріне қатысты 7 мыңға жуық іс анықталды. Ал осыдан 3-4 жыл бұрын мұндай сан бір жылда тіркелетін.Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. «Уақыт талабынан олар да қалыс қалмай келеді», деген спикер ғаламтордағы әккілердің, әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отырғанын мәлімдеді. «Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады.Кейінгі кезде алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды» деп кез келген кездейсоқ абоненттік нөмірге қоңырау соғуы немесе SМS-хабарламалар жіберуі жиілеп кеткен. Арам ниеттілер ұтысты басқа қаладан алып кетуді немесе жеңіп алған тауардың құнын пластикалық картаға аударуды ұсынады.Количество показов: 242
Дата создания: 05.09.2024 08:30:19