Инфосығандардан сақ болыңыз!
Түрлі қаржылық пирамидалардың құрығына түсіп қалатындардың санында есеп жоқ. Себебі зардап шеккендердің барлығы заң орындарына жүгіне бермейді. Осындай адамдардың есебінен миллиардтап пайда тауып, жауапекршіліктен сытылып кететін алаяқтар да аз емес. Бүгін еліміз бойынша мыңдаған студент жастардың қатысуымен онлайн пікірталас өтті. Бүгінгі пікірталаста әлеуметтік желілердегі инфосығандар туралы да айтылды. Қаржылық пирамида жетекшілері де өз құрбандарын әлеуметтік желі арқылы тез тауып алып отырады. Мұнан өзге де әлеуметтік желі арқылы жалған жарнама таратып, қарапыйым халықтың қалтасын қағып жүргендер аз емес. Миллионер ретінде қалай зейнетке шығуға болады, қайырымдылық жасап , табыс табу. Осындай тақыпытардағы жарнамалар арқылы олар жұрттың назарын аударып, ақырында біраз адамды тақырға отырғызып кетеді. Өткен жылы 5 бірдей қаржылық пирамиданың жұмысы әшкере болған. Биыл бес айдың ішінде тағы да екі қаржы пирамидасының ісіне байланысты қылмыстық іс тіркеліп отыр.Бүгінгі жастар арасында өткен онлайн пікірталас алаңында танымал блогерлер заңсыз табыс табудың соңы қандай жағдайлармен аяқталатынын түсіндіруге тырысты. Шараға 35 университетттің 20 мыңнан астам студенті қатысты.Количество показов: 285
Дата создания: 05.06.2024 02:32:46