Иесіз қалған үйлер тоналып жатыр
"Жеміс" және "АЗФ-3" саяжай ұжымы аумағындағы тұрғындар бүгін арнайы комиссия бірінші рет келгенін айтады. Алдымен техникалық байқаушылар үй үйді аралап, бүлінген мүлік пен үйлердің жағдайын тізімге алады. Артынша комиссия хаттама толтырады. 28-ші наурыздан бері туған туыстарын жағалап кеткен саяжай тұрғындары үйлері сыз тартып тұрса да қайтып келгендерін айтады. Олар: кейбір үйлерге ұрлық түскен. Тұрғындардың тұрмыстық заттары қолды болып жатыр. Сондықтан, баспаналарымызды тастап кете алмай жүрміз,- дейді. Алматы облысының әкімдігіне бас аяғы 2 мыңнан астам адамнан арыз түскен. Су тасқынанан зардап шеккен мыңға тарта отбасының жағдайын өз көзімізбен көріп шықтық. Барлық шығын толық есептеледі,- дейді аудан әкімі.Количество показов: 280
Дата создания: 11.04.2024 05:42:22