Грант үшін құжат қабылдау басталды
Талапкерлер таңдау жасауда. 23 шілдеден бастап білім беру гранттарын тағайындау бойынша байқауға қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Мемлекеттік білім гранттарын бөлуде білім және ғылым министрлігі сұранысқа ие мамандықтарға айрықша көңіл бөлген. Техникалық, ауыл шаруашылығы және жалпы білім беру мамандықтарын таңдаған талапкерлер ұтылмайды. Себебі, аталған мамандықтарға жылдағыдан көбірек грант бөлініп отыр. Биылғы тағы бір ерекшелік- орта арнаулы оқу орындарын бітірген, сырттай оқуды таңдаған талапкерлердің білім гранттарын алуға мүмкіндігі бар. Бұл үшін 500 грант бөлінген. Байқауға өтініштерді қабылдау 31-шілдеге дейін жалғасады. Білім гранты иегерлерінің тiзiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. |
Количество показов: 2276
Дата создания: 25.07.2013 18:08:01