Гипермаркеттегі өнімдердің сапасы тексерілді
Көкөністер мен жемістердің маусымы туған жоқ. Әйткенмен, дүкен сөрелері қысы-жазы өнімдерге толы. Мерзімінен бұрын пісіп-жетілген картоп, қызанақ, қияр, орамжапырақтың құрамында нитрат қалдықтары болуы әбден мүмкін. Сатып алған тауарларының сапасын білу үшін сауда орнына келген тұрғындар жылжымалы зертхананың көмегіне жүгінді. Мәселен, жылыжайда өсірілген қиярдың құрамында 400 миллилитр нитрат болса талапқа сай. Көкөніс бақшада өссе, нитрат мөлшері 150 миллилитрден аспайды. Бүгін сараптамаға түскен қиярдан 90 миллилитр селитра анықталды. Зертханашы Светлана Муафихованың айтуынша, бұл адам денсаулығына айтарлықтай қауіпті емес. Зертханашылардың айтуынша, қазір картоп пен пиязда селитра көп. Ас әзірлеуде көп тұтынылатын өнімдерді тұрғындардың бірі бүгін арнайы келіп тексертті. Жылжымалы зертханада пісірілген, қақталған және нанға оралған ет өнімдері де сараптамадан өткізілді. Бәріміз сүйсініп жейтін бәліш, котлет, тауық еттерінің сапасын зертханашылар бензиденді қағаз бен сутек тотығының көмегімен тексерді. Бұл тағамдар сауда орнының ішінде пісіріледі. Дайын өнімді сақтау мерзімі үш сағаттан аспауы тиіс. Осылайша, гипермаркеттегі көкөніс-жемістерден де, ет қосылған тағамдардан да адам денсаулығына қауіпті зат табылған жоқ. "Қауіпсіз тағам - халық денсаулығы" акциясы бір сағатқа есептелген еді. Алайда, жылжымалы зертхана жарты сағат өтпей жабылды. Санитар-мамандар түсіру тобы жұмысын бітірмей жатып, тарқады. |
Количество показов: 2118
Дата создания: 28.05.2013 18:05:12